Skip to content

МӘМС

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі деген не?

 Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) – бұл денсаулық сақтау саласындағы мүдделерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі.

МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына олардың жынысы, жасы, әлеуметтік мәртебесі, тұрғылықты жері және табыстарынан тәуелсіз түрде медициналық және дәрілік көмекке бірдей қолжетімділікті кепілдік етеді.

Міндетті әлеуметтік медциналық сақтандыру (МӘМС) – бұл денсаулық сақтау саласында халықтың мүдделерін олар ауырғанда, зақымданғанда, жүкті болу және босанғанда, мүгедек болу және қартайған жағдайда әлеуметтік қорғау нысаны.

Пациенттерді қолдау қызметі қалай көмектеседі (ПҚҚ)?

????Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексте медициналық қызметтер сапасының сараптамасына жіті назар аударылған. Сараптама жасау медициналық қызметтер сапасының деңгейін, стандарттарға сәйкестігін, тиімділігі мен уақтылығын бағалауға мүмкіндік береді.
????Сыртқы сараптаманы мемлекеттік органдар, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және тәуелсіз сарапшылар жүргізе алады.
????Ішкі сараптама медициналық ұйымның өзінде жүзеге асырылады, ол үшін пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметтері (ІСҚ) құрылады.

⁉️ Пациенттерді қолдау қызметінің міндеті қандай?
✅ ПҚҚ-нің міндеті көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын сараптау, сондай-ақ халықпен өзара іс-қимыл жасау болып табылады. Бұл өтініштер мен шағымдарды қарау, пациенттердің медициналық қызметтерді алу процесінде туындаған жағдайларды реттеу ПҚҚ-нің міндетіне кіреді.

⁉️ Пациент қай кезде ПҚҚ-ға хабарласа алады? Егер… ⬇

✔сізден шұғыл медициналық көмек алу үшін немесе учаскелік дәрігерге бару үшін сақтандырылу мәртебесінің болуын талап етсе
✔сізді учаскелік дәрігер болмаған жағдайда қабылдаудан бас тартса ✔учаскелік дәрігер / медбике немесе фельдшер сіз осы емханаға аумақтық қағидат бойынша бекітілген болсаңыз да, үйге шақырту қызметін көрсетпесе
✔сіз бейінді маманнан кеңес ала алмай жүрсеңіз, себебі ол дәрігер жоқ немесе қабылдауға бір айға толық жазылған болсаңыз
✔сізге денсаулығыңыздың көрсеткіштері бойынша тиісті диагностикалық немесе зертханалық қызметтерге жолдама берілілмесе
✔жүргізілген тексерістің нәтижелерімен сізді таныстырмаса
✔дәрігер қабылдау кезінде дөрекілік танытса, өзін талапқа сай ұстамаса
✔сіз көрсетілген медициналық көмектің сапасына қанағаттанбасаңыз
✔егер сіз диагноздың немесе тағайындалған емнің дұрыстығына күмәнданатын болсаңыз
✔сіз өзіңіздің медициналық жазбаларыңызда қате деректерді немесе тіркелімдерді анықтаған болсаңыз
✔жалпы, сізді медицина қызметкерлері мен медициналық ұйымның қызмет көрсету сапасы қанағаттандырмаса пациентті қолдау қызметіне хабарлассаңыз болады

1 МАУСЫМНАН МӘМС БОЙЫНША КОНСУЛЬТАЦИЯЛАР 1414 АРҚЫЛЫ БЕРІЛЕДІ

1414 операторлары 9.00-ден 21.00-ге дейін консультативтік сипаттағы сұрақтар бойынша қоңыраулар қабылдайды әрі оларға жауап береді. Егер ситуациялық сипаттағы өтініштер тереңірек зерделеуді қажет етсе, онда олар Қор мен медициналық ұйымдардың өкілдері өңдейтін екінші және үшінші желілерге жолданады.

Бұл ретте Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, fms.kz ресми сайты немесе Telegram-дағы @SaqtandyrýBot сияқты Қордың баламалы байланыс арналары бұрынғыдай жұмысын жалғастыратын болады. Оператордың жауабын күтіп, уақытты жоғалтқысы келмейтін азаматтар өз сұрақтарын сол арналарға жібере алады.

Сондай-ақ Электронды үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеруге және жүргізілген төлемдер туралы ақпарат алуға болады.