Skip to content

Донор болу – өзгенің өмірін құтқару деген сөз

Донор болу – өзгенің өмірін құтқару деген сөз. Сондықтан жыл сайын республиканың барлық аймақтарында «Донор күні» акциясы кеңінен өткізіліп келеді. Осы орайда Асықата ауруханасында да “Донор бол,өзгеге өмір сыйла” атты Акция күні өткізілуде. Алдын ала барлық кент тұрғындарына және  мекемелерге  хабарландыру жасап, донор болуға шақыртылды. Қан тапсыруға келген азаматтардың барлығы бұл қадамын өздерінің парызы деп есептейді. Биылғы қатысушылардың саны да орасан зор.  Медициналық қызметкерлері арасында да  осындай кезекті акцияға  қатысып , қан тапсыруға ниет білдіргендердің көптігімен ерекшеленді.18-жасқа толған және тиісті медициналық тексерістен өтіп, медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ кез келген азамат “донор” бола алады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *